Мектебімізде «Жаратылыстану ғылымдары және жасанды интеллект: болашаққа қадам» атты пән апталығы жоғары деңгейде өз бастауын алды. Апталықтың ашылу салтанаты мазмұнды әрі ерекше форматта ұйымдастырылып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Іс-шара барысында көрнекі тәжірибелер көрсетіліп, химия, биология бағытындағы қызықты эксперименттер ұсынылды. Оқушылардың сахналық қойылымдары мен шығармашылық жұмыстары көрермендердің қызығушылығын арттырды. Сонымен қатар, заманауи тақырыптарды қамтыған презентациялар мен зерттеу жұмыстары ұсынылып, білім мен ғылымның маңыздылығы айқын көрініс тапты.
Апталықтың басты мақсаты – оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, ғылыми ойлау қабілеттерін дамыту және алған білімдерін өмірмен ұштастыру. Ашылу салтанаты осы мақсаттарға жетудің алғашқы қадамы ретінде жоғары деңгейде өтті.