Құрметті педагогтер!
2025–2026 оқу жылында педагогтерді аттестациялау рәсіміне байланысты қажетті ресми ақпараттар төменде ұсынылады.
📌 НЕГІЗГІ НОРМАТИВТІК ҚҰЖАТТАР:
– «Педагогтерді аттестациялаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы
Сілтеме: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600013317
– Әдістемелік ұсынымдар (аттестация бойынша түсіндірме)
Сілтеме: https://uba.edu.kz
ӨТІНІШ БЕРУ ТӘРТІБІ (САНАТТАР БОЙЫНША):
🔹 Педагог-модератор
🔹 Педагог-сарапшы
Жоғарыда аталған санаттарға өтініш беретін педагогтер құжаттарын «Ұстаз» ақпараттық жүйесі арқылы тапсырады.
Сілтеме: https://ustaz.kz
🔹 Педагог-зерттеуші
🔹 Педагог-шебер
Аталған санаттарға үміткер педагогтер өтінішті «электрондық үкімет» порталы арқылы тапсырады.
Сілтеме: https://egov.kz
ҚҰЖАТТАРДЫ ЖҮКТЕУ ТАЛАПТАРЫ:
– Барлық құжаттар PDF форматта болуы тиіс
– Файл атаулары нақты және мазмұнды болуы қажет
– Құжаттар толық жинақталғаннан кейін ғана жүйеге жүктеледі
📌 ПЕДАГОГ ПОРТФОЛИОСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:
Портфолио 12 қосымша бойынша қалыптастырылады, оның ішінде:
– білім сапасы
– оқыту сапасы
– білім алушылардың жетістіктері
– әдістемелік және зерттеу жұмыстары
– біліктілікті арттыру және басқа да бағыттар